Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көрсеткіші ақырындап төмендеуде

Dalanews 30 қаз. 2024 10:49 1069

Қазақстанда депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің көрсеткіші ақырындап төмендеуде. Онда да теңге түріндегісінде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, қыркүйек айында банктердің теңге түрінде тартқан депозиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,4%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең төменгі деңгейді көрсетіп отырғанымен, тамыз айымен салыстырғанда 0,1 пайыз пунктке ғана азайған.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемені әлі де 1-3 айлық мерзімге салынған депозиттерден байқауға болады: 15,4%-ды (тамызда бұл көрсеткіш 15,6% болған).

Кредиттер бойынша жағдай қандай?

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктердің ұсынатын несиенің орташа сыйақы мөлшерлемесі 21,6%-ға жетті, бұл тамыздағы 20,2%-дан сәл жоғары (теңгелік несиелер бойынша). Сонымен қатар, қысқа мерзімді несиелер (1 айға дейін, 1-3 ай, 3 айдан 1 жылға дейін) бойынша мөлшерлемелер төмендеді, бірақ 1 жылдан 5 жылға дейінгі және 5 жылдан жоғары мерзімге арналған несиелер бойынша мөлшерлемелер, керісінше өсті. Ең қолайлы жағдайлар 3 айдан 1 жылға дейінгі несиелер бойынша тіркелді – 19,3% (-0,7 пайыздық пунктке төмендеген).

Заңды тұлғаларға арналған несиелердің сыйақы мөлшерлемесі тамыздағы деңгейде сақталып, 17,6%-ды құрады. Ең төменгі мөлшерлеме 1-3 ай аралығына арналған несиелерде байқалады — 16,9% (-1,3 пайыздық пунктке төмендеген).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар