“Демалыс күні ретінде белгіленсе, қуана қолдаймын”. Аймағамбетов 31 желтоқсанға қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 04 жел. 2024 17:40 355

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов “31 желтоқсан” демалыс күні ретінде белгіленген жағдайда, бұл шешімді қуана қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, аталған күннің демалыс күні ретінде белгіленбеуіне өзі де таңданған. 

“31 желтоқсанда адамдардың көңіл күйі ерекше болады. Егер осы мәселе шешімін тауып, демалыс күні болып бекітілсе, қуана қолдаймын”, — деп атап өтті ол.

Аймағамбетовтің сөзінше, депутаттар мұндай бастаманы өздігінен көтере алмайды.

“Бұл шешімді тек Үкімет қабылдайды”, — деп қосты депутат.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар