Бағдарламаның басты ерекшелігі – кәсіпкерден аванс ретінде алғашқы жарна алып бизнесті құру, сонымен «Дайын бизнесті» кәсіпкерге өткізіп, сол бизнестің өзін кепілдік ретінде қабылдайды. Бұл процесс «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-дан қаржы тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Аталған бағдарлама аясында компания бірнеше бағыт бойынша жобалар әзірлеуде. Олардың бірі жалпы аумағы 45 гектар болатын «Бадам» жылыжай өнеркәсіп кешенін құру. «Бадам» индустриалды аймағында орналасатын жылыжайдың 70 пайызы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларымен жабдықталатын болады.
Сонымен қатар, тәулігіне 1000 литр сүт өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық сүт зауытын құру». Сүт зауыты-зертхана, сүт қабылдау бөлімі, тоңазытқыш, жабдықтарды санитарлық тазарту, шағын дүкен сияқты бөлімдерден құралатын болады.
Осындай жүйе негізінде тәулігіне 1000 келі. шұжық өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық шұжық цехын құру» жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске қосылатын дәрежеге жеткізіліп, «дайын бизнес» ретінде кәсіпкерге лизинг етіп ұсынылатын болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі