Дәурен Абаев түркі интеграциясына қатысты пікір білдірді

Dalanews 17 қар. 2021 15:40 882

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дәурен Абаев "Открытый диалог 2.0" бағдарламасына келіп, журналист Алексей Трухачевтің сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі түркі интеграциясына қатысты болды.

"Президент Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы кеңесіне қатысуы қоғам тарапынан, соның ішінде сарапшылардың, саясаттанушылардың да үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан сыртқы саяси ынтымақтастығы бойынша алғышарттарын өзгертіп, тіпті түркі бағыты барлық басқа қарым-қатынастардың баламасына айналады деп тұжырым келтірген мақалалар да болды", – деп жүргізуші әңгімеге тартты.

Бұған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев былай деп жауап берді:

"Біріншіден, біз сыртқы саясаттағы басымдықтарды өзгертпейміз. Түркі әлемі әрқашан оның негізгі векторларының бірі болып табылады. Бұл туралы Елбасы да, президент те талай рет айтқан болатын. Біздің бүкіл оңтүстік шекарамыз – Каспийден Алатауға дейін – тарихи, мәдени, рухани байланыстарды айтпағанда, түркі елдерімен шектеседі.

Екіншіден, Қазақстан біреуге қарсы басқаларымен ешқашан дос болған емес. Керісінше, біздің көпвекторлы және прагматизм үлгісі болып табылатын сыртқы саясатымыздың мәні барлық "әлемдік саясаттың полюстерімен" барынша тиімді және әріптестік қарым-қатынастар құру болып табылады.

Біз Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен одақтастық қарым-қатынастамыз, Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестіктеміз.


Біз бірқатар ұйымдарға мүше, келісімдерге ие бола отырып, алға дамимыз. Сондықтан, жартылай ымдап, долбар жасайтын, шала бүлініп, айғайға "аттан" қосатын мұндай мақалалардың барлығы түк жоқтан барды іздеуге ұқсайды, басқа дәнеме де емес".

 

https://www.youtube.com/watch?v=BPngMqXLd_A

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар