Алматылық "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев қазанда өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәліметке сүйенсек, жас форвард ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеген. Себебі - жарақат.
Айта кетейік, 5 қазанда Дастан Сәтпаев Кәсіпқой футбол лигасының кейінге шегерілген ойынында талдықорғандық "Жетісуға" қарсы толық 90 минут ойнаған еді (есеп - 5:0).
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялаған еді.