Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Лондонның "Челси" клубы сапындағы алғашқы матчында мергендігімен көзге түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Sports.kz мәліметінше, 17 жастағы футболшы Австралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы жолдастық кездесуде алғаш рет "Челсидің" негізгі құрамында алаңға шықты. Бас бапкер Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшыға алғашқы минуттардан-ақ сенім артты.
Сәтбаев бапкер үмітін ақтап, ойынның жетінші минутында қарсылас қақпасына гол соқты.
Айта кетейік, кездесу Сидней қаласындағы "Аккор" стадионында "Челсидің" Австралиядағы маусым алдындағы турнесі аясында өтті.
Дастан Сәтбаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында "Челсимен" жасасқан келісімшартқа сәйкес ресми түрде клуб ойыншысы атанады.