Д.Назарбаева осы лауазымда парламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімовамен ауыстырды. Өзінің кіріспе сөзінде Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті.
– Қазақстан өзінің Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету үшін, ең бастысы, БҰҰ тарихында Қауіпсіздік Кеңесінде тұңғыш рет ұсынылып отырған Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін пайдалануда, – деп хабарлады отырыста сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Биыл 25-жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Дариға Назарбаеваға мерейтойлық медаль табыс етілді.
Дереккөзі: sputniknews.kz