Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева белгілі қоғам қайраткері Гүлмира Кенжеболатованың туған күніне арналған кеште көзге түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, мерекелік шара барысында Дариға Нұрсұлтанқызымен жүздесудің мүмкіндігі туған.
«Осы кеште Дариға Нұрсұлтанқызымен кездесіп, кезінде Тұңғыш Президент қорының ғылым жолындағы жастарға көрсеткен қолдауына алғысымды білдірдім. Диссертация қорғаған жылдары қор тарапынан үлкен көмек көрсетіліп, монографияларымызды жарыққа шығаруға мүмкіндік берілген еді. Бұл қолдаудың біз үшін маңызы зор болды», – деп жазды Толқын Забирова.
Әнші аталған қолдау үшін ризашылығын жеткізіп, өз алғысын білдіргенін атап өтті.