Дәретханада ұйықтаған көрші

Dalanews 12 сәу. 2016 06:13 926

 

1813 жылы Австриялық жас Шуберт консерваторияны бітірген соң, әртүрлі әуен жазумен айналысып әзер күн кешеді. Шуберт әрі жас,  оның үстіне атағы шықпаған музикант болғандықтан, оның музыкаларын ешкім сатып ала қоймайды да, күнделікті тамағын тауып жеудің өзі қиынға соғады. Бір ғажабы оның бірге тұратын көршісі суретші Рейдер қайырымды адам болғандықтан, оған үнемі қарайласып тұрды.

 Жаң Шияупиың (Қытай)

Бір күні Рейдер көршісіне тамақ жеткізіп беруге келгенде  оның күнделікті күй орындап, жаттығу жасайтын пианиносының да жоқ екенін көріп: "Менің үйімде ескі пианино бар еді, соны үйіңе әкеліп ал да, үздіксіз музыка жазумен айналыс", – дейді , көршісінің ізгі ниетіне Шуберт қабағат қуанады. Өкінерлігі, Рейдердің пианиносын орнынан қозғаса істеуге келмейтінін білген Шуберт оны үйіне әкелуге амалсыз қалады. Ақкөңіл Рейдер оған: "Сен онда менің үйіме келіп жаттығу жаса,  тек сурет сызуыма кедергі болмасаң болды", – дейді. Шуберт оған мақұлдық білдіріп: "Біз онда уақытты ұтымды пайдаланайық, сіз сурет сызбаған кезіңізде терезеге ақ перде іліп қойыңыз,  мен сол кезде үйіңізге келейін" дейді. Рейдер бұған келіседі.

Арада күндер өтіп жатты. Шуберт келісім бойынша көршісінің үйіне келіп,  пианиноға жаттығып жұрды. Бір күні Рейдер сурет сызудың қарбаластығында Шубертке берген келісімін ұмытып кетеді, терезеге үмітпен көп қараған Шуберт амалсыз күй кешеді.

Тағы да бір күні Рейдер түні бойы сурет сызады, бұған наразы болған Шуберт : "Сіз менің көп уақытымды зая кетірдіңіз. Суретті сыртқа шығып сызуға болмас па?!", – дейді ренжіген бейнеде. Рейдер аз-кем үнсіздіктен кейін оны дәретханаға бастап барып: "Шындығында маған да тыныштық керек, сенің жаттығуыңа кесірім тимес үшін мен бүгін осында ұйықтайымын,  сен алаңсыз жаттығу жаса", – дейді. Шуберт сонда ғана көршісінің ізгі ниетін түсінеді.

Жылдар өте келе Шуберт даңқты композиторға айналады. Бұл қазіргі таңда әлемге аты машһұр Франц Пе́тер Шу́берт еді. Ол бір сөзінде: "Басқаларды қаперіңе алмай тұрып, өзім ғана қиналдым деп қақсаушы болма, басқалардың орнында тұрып мәселеге ой жүгірткенде ғана жағдайдың басқаша болатынын ескерген жөн" дейді.

Қытайшадан аударған Дүйсенәлі Әлімақын


 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар