Данияр Әшімбаев Ресейдің Қазақстанға қарсы кезекті ақпараттық шабуылына қатысты пікір білдірді

Dalanews 04 қаз. 2025 14:37

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Ресейдің Қазақстанға қарсы кезекті ақпараттық шабуылына қатысты пікір білдірді. Оның пікірінше, мұндай ақпараттық "қоқыстар" Қазақстанды жанжалға іліндіргісі келетін дұшпан ісі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"...Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты тұрақсыздандыруға бағытталатын әрекеттер үнемі тіркеліп отырады. Ресейлік және қазақстандық қоғам арасында жағымсыз пікір тудырып, өздерін ұлттық мүддені қорғаушы ретінде көрсету үшін құрылған арнайы арналар да бар. Қазақтарды "орыс басып алады" деген қауіппен үрейлендірсе, орыстарға Қазақстан Ресейге қарсы және "тәртіптеуді қажет етеді" дегенді құлаққа құйып, миға сіңіргісі келеді", - деп жазады ол Telegram-дағы арнасында.

Айта кетсек, "Соловьев Live" жобасының жүргізушісі Сергей Мардан бүгін Ресейдің Орск қаласына шабуыл жасаған дрон Қазақстаннан ұшырылғанын мәлімдеген. Оның ойынша, бұл біздің еліміздің аумағында "рейд" жасап, Астанада "тазалық" жүргізуге түрткі болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар