– Бүгін жұмыс сапарымен Үржар ауданына арнайы бардым. Осыдан бірер күн бұрын Мақаншы ауылындағы полиция бөлімшесінде қайтыс болған марқұм Азамат Оразалының анасына, отбасына барып көңіл айттым. Тас түскен жеріне ауыр, сондықтан туған-туыс, бауыр, жора-жолдастарының қайғыларына ортақ екенімізді, бұл жағдай Үкімет басшысының жеке бақылауында екенін жеткізгім келеді.
Қазір ауданда облыс прокуроры, Полиция департаментінің басшысы бастаған арнайы топ тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы заң талабына сай, әділ, ашық және жариялы түрде өтеді. Мен алдағы күндері ауданға тағы да келемін, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Өңір басшысы сондай-ақ, кінәлі тұлғалар заң бойынша қарастырылған жазасын алатынын, кездесуге келген Мақаншы және Қаратұма ауылдары ақсақалдары мен тұрғындарының талап-тілегі де осы екендігін жеткізді.