Жаңадан салынған «Мәдениет үйінде» үлкен концерт залы мен кітапхана жұмыс істейді. Өнерпаздардың дайындық жұмыстарын жүргізуіне ғимарат өте қолайлы. Заман талабына сай хореография залы да бар.
«Мәденит үйінің» ашылуына қатысқан облыс әкімі Даниал Ахметов өнер ордасымен танысып, атқарылған жұмыстарға бағасын берді.
– Ауылды жерде бой көтерген осындай «Мәдениет үйлері» еліміздің рухани кеңістігін кеңейтіп, жастарды отаншылыдық қасиетке тәрбилейтіні анық. Бұдан былай ауыл балалар «Мәденеи үйіне» келіп кітап оқып, түрлі үйірмелерге қатысып, өздерінің ой-өрісін кеңейте түсетін болады. Алдағы уақытта осындай еңселі ғимараттар облысымызды өзге де ауылдарында көптеп салынатын болады, – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі өнер ордасын тамашалап болғаннан кейін Бақыршы тау-кен өндірісі комбинатына барып, жұмысымен танысты. Облыс әкімі жұртшылықпен кездесуді жаңа кәсіпорында жұмыс істейтін жұмысшылардың арнайы орталықтарды білім алып, біліктілігін жетілдіретінін алға тартты.
Алдағы уақытта облыстық әкімдік «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында жұмысшыларға арнап тұрғын үйлер салмақшы. Бұл жайында облыс әкімі ойын былайша сабақтады:
– Қазір Бақыршы тау-кен өндірісі комбинатында жұмыс істейтін 400-ден астам азамат вахталық негізде жұмыс істейтінін білеміз. Алдағы уақытта кәсіпорынға жақын жерде жұмысшылар ауылын салып, еңбеккерлердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз, – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі Жарма ауданына жасаған жұмыс сапарының қорытындысында «Шалбай» шаруақожалығына ат басын бұрып, канадалық технология бойынша бұқашықтарды бордақылап отырған шаруаның жұмысымен танысты.