Португалия құрамасының және «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлаған.
«Екі ұлы тұлға. CR7 x 45/47», – деп видеоны сипаттаған.
Бұған дейін Роналду Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның құрметіне ұйымдастырылған Ақ үйдегі салтанатты кештің арнайы қонақтарының бірі болғаны хабарланған еді.
Криштиану 40 жаста, 2023 жылдан бері «Аль-Наср» сапында ойнап жүр. Шабуылшыға ең үлкен танымалдық әкелген клубтар «Манчестер Юнайтед» пен мадридтік «Реал». Роналду - «Алтын доп» марапатының бес дүркін иегері.
