«Даму» Қоры Азия даму банкінен $200 млн көлемде несие алады

Dalanews 22 желт. 2016 12:10 458

 «Даму» Қоры Азия даму банкінен микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін $200 млн тартады

Мұндай шешім «Даму» Қорының директорлар кеңесінің отырысында қабылданды.

Азия даму банкінің несиесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі аясында беріледі.

АДБ қаражаты ұлттық валюта – теңгелей беріліп, микро, шағын және орта кәсіпкерлік жобалары үшін екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары арқылы босатылады.Екінші деңгейлі банктер мен Қазақстанның микроқаржылық ұйымдары арқылы берілетін несиелер негізінен негізгі құрал-жабдықтар алу және жаңарту, төлеп жатқан несиелерін қайта қаржыландыру және айналым қаражатын толықтыруға бағытталады. Бір борышкердің қолына екінші деңгейлі банк арқылы 1,080 млрдтеңгеге дейін, микроқаржылық ұйым арқылы 8 000 айлық есептік көрсеткішке дейін қаржы тиеді.

Нәтижесінде шамамен 2 850 МШОБ субъектілері қаржыландырылып, олар бюджетке шамамен 60,5 млрд теңге салық төлейді деп болжанып отыр. Сондай-ақ бұл кәсіпкерлер 2 280-ге жуық жаңа жұмыс орындарын ашып, кем дегенде 451 млрд теңгенің өнімін шығарады деп көзделген. Болжам бойынша кәсіпкерлер несиенің есебінен 21,6 млрд теңгеге құрал-жабдықтарын жаңартып ала-алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар