Облыстағы технотуризм саласын дамыту мақсатында арнайы жоба әзірленуде. Егер бұл жоба мақұлданатын болса, одан түсетін табыс көзі мол болмақ, деп хабарлайды Dalanews тілшісі.
– Жобаны жүзеге асыруға рұқсат берсе, бірден іске кірісеміз. Өйткені бұл қазір әлемде жоғары сұранысқа ие туризмнің бір саласы. Ал біздің елімізде технотуризмді дамыту жағы кенжелеп тұр.
Осы тұрғыда біз алғаш болып осы шаруаны қолға алуды жөн көрдік.
Технотуризм - белгілі бір оқиға орын алған жер, ол мүмкін жер сілкінісі, ядролық жарылыс немесе экологиялық апат орын алған аймақ болуы мүмкін.
Мысал келтірсек, Украинадағы Чернобыльға жылына миллиондаған турист барады.
Аталған туризм саласын қолға алудың негізгі екі себебі бар. Ол алдымен тарихпен танысу, яғни өткенді ұмытпау. Екіншіден, отандық және шетелдік туристерді тартудың бір тәсілі, - дейді облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Инара Бойдукова.
Айта кетейік, аталмыш жоба еліміз бойынша алғаш рет біздің облыста қолға алынып отыр.
– Семей полигонында технотуризмді дамытуға болады. Өйткені қазірдің өзінде сол жаққа барғысы келетін туристер жетерлік, - дейді Инара Бойдукова.