Чемпионға лайық сый: Қазыбек Қалмағамбетовке Allur компаниясы жаңа Škoda Superb көлігін табыстады

Чемпионға лайық сый: Қазыбек Қалмағамбетовке Allur компаниясы жаңа Škoda Superb көлігін табыстады
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Братиславада грек-рим күресінен өткен U20 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетовке жаңа Škoda Superb автокөлігі сыйға берілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

19 жастағы спортшы осы турнирде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген алғашқы Қазақстан өкілі атанды. Қазыбек 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, финалда қарсыласын 13:7 есебімен сенімді жеңді.

Отандық спортты дамытуға қосқан үлесі мен тарихи жетістігі үшін қазақстандық Allur автомобиль компаниясы Қазыбекке Škoda брендінің флагмандық лифтбегі – Superb автокөлігін табыстады.

Бұл көліктің таңдалуы да кездейсоқ емес. Škoda Superb кең салонды, жайлылық пен серпінділікті үйлестірген, күнделікті қолдануға қолайлы автокөлік саналады. Модель жолдағы сенімділік пен әрбір ұсақ бөлшекке мән беретін жандарға арналған. Бұл қасиеттер тәртіп, төзімділік және үздіксіз еңбектің арқасында нәтижеге жеткен спортшының мінезімен үндеседі.

«Қазыбекті өзі үшін де, еліміз үшін де маңызды спорттық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Күрес – мінездің, рух мықтылығының, табандылықтың, орасан зор физикалық және ақыл-ой еңбегінің көрінісі. Осы қасиеттердің барлығын қазақстандық спортшының көрсеткені ерекше қуантады. Қазыбекке алдағы уақытта да жеңістер мен жаңа чемпиондық атақтар тілейміз!» – деді Қазақстандағы Škoda дистрибуциясының басшысы Андрей Тананыкин.

Қазыбекке Škoda Superb автокөлігінің Laurin & Klement деп аталатын ең жоғары жабдықталған нұсқасы берілді. Көлік 190 ат күшіне ие қозғалтқышпен және алдыңғы жетекпен жабдықталған. Ол сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 7,8 секундта үдейді.

Автокөліктің жабдықталуына матрицалық LED шамдар, коньяк түстес былғары салон, орындықтарды жылыту және желдету жүйесі, массаж функциясы, орындық жастығының тереңдігін реттеу мүмкіндігі, баптауларды есте сақтайтын алдыңғы орындықтардың электрлі реттеу жүйесі және 14 динамигі бар Canton аудиожүйесі кіреді.

Қазақстанда Škoda автокөліктерін брендтің ресми дилерлерінен арнайы шарттармен сатып алуға болады.

Қазақстан нарығындағы ең көп сұранысқа ие Škoda Kodiaq моделінің Selection және SportLine жинақтамаларына 5 млн теңгеге дейін жеңілдік ұсынылады.

Брендтің флагмандық моделі Škoda Superb барлық жинақтамада 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен сатылады.

Ал қалада жүруге арналған үнемді Škoda Karoq кроссоверінің SportLine 4×4 жинақтамасына 1,5 млн теңгеге дейін жеңілдік қарастырылған.

Allur және Škoda Qazaqstan үшін спортты қолдау – ең алдымен, еңбегі мен жетістігі арқылы Қазақстанды әлемдік аренада танытып, жас ұрпақты жаңа жеңістерге жігерлендіріп жүрген азаматтарға көрсетілген қолдау.