Cалу есептерін шығаруда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Dalanews 31 нау. 2016 05:27 345

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.
Олар:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
• оқыту нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
•мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар:
басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);
коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);
әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);
азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);
технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы).
Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.
Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі геометрия ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі ғылымдар жүйесінде геометрия айрықша орын алады. геометрияның ерекшелігі –ол қазіргі кездегі ауадай қажетті техникалық ғылымдардың негізі. Геометрия сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Геометрия курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы геометрияның рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Мектеп геометрия курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – геометрияның қолданбалы мүмкіндіктерін ашу. Математикалық, сызу,технология немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар геометриялық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп, ұғынып , сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді. Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында, геометрияның практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады. Соның ішінде геометрияны оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін, қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің геометрияның ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі
Өлшемі 16cм болатын текше боялып,өлшемі 4см болатын кіші кубтарға бөлінген.
1-cұрақ. Бұндай бөлу кезінде текше неше рет жазықтықтармен қиылады және неше текшеге бөлінеді?
2-cұрақ. Текшенің үш жағына, екі жағына, бір жағына бояу тиген текшелер санын анықтаңыз,неше текшеге бояу тимеген?
3-cұрақ. Барлық майда текшелердің неше жақтарына бояу тиген?

Бұл жаңадан ашылып жатқан асханаға 2 үстел жасату үшін ұстаға берілген тапсырыс.Үстелдің өлшемдері көрсетілген.Үстелге қажетті материалдың сатылымдағы өлшемі180x260cм .

1-cұрақ:Тапсырыс беруші материалды үнемді пайдалану үшін неше ламинат алуы керек және оны тілдіру үшін ламинат бетіне қалай орналастыру керек.
2-cұрақ:Үстел жиектерін көмкеру үшін неше метр көмкерме қажет?
3-cұрақ:Бұл материалдан артылатын жарамды бөліктердің өлшемі қандай?

Мысал-3:Сызбада қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі, киіз үй барлық өлшемдерімен бейнеленген.
1-cұрақ. Киіз үй қандай фигуралардан құралған.
2-cұрақ. Үйдің жалпы биіктігін табу керек.
3-cұрақ. Үй құрылымының ең басты ерекшелігі

Мысал-4. Шеңбер ішінде радиусы одан екі есе кіші шеңбер айналып жүр.

1-cұрақ. Кіші шеңбер үлкен шеңберді толық бір айналып шыққан кезде осы кіші шеңбер бойынан алынған кез келген бір нүктенің жүріп өтетін жолын тап.
2-cұрақ. Кіші шеңбердің центрінің жүріп өтетін жолы.
Мысал-5.Ашық күнде жалғыз өсіп тұрған теректің биіктігін тек бір метрлік сызғышпен ғана өлшеу керек.
1-cұрақ. Өлшеу жұмысын жүргізу үшін не білу керек?
2-cұрақ. Бұл есептің шешуі неге негізделген?
Бірінші мысалда оқушының фигурадан оның ішкі бөліктерін көзге елестете білу қабілетін дамыту болса , ал екінші мысалда пәнаралық байланысты қолданып, практикалық жұмыс жасау. Үшінші мысалда ұлттық құндылығымыз киіз үй арқылы 11-сыныптағы айналу денелері тарауына қайталау есептер шығару болса, сонымен қатар дана халқымыздың геометриялық есептеулерге шеберлігін көрсету. Төртінші мысалда оқушының танымдың деңгейін арттыруға арналған есеп. Бесінші мысалда ағаш және сызғыштың көлеңкелерінің арасындағы байланысты үшбұрыштардың ұқсастығы тақырыбына арналған есеп.
Қорыта келе оқушының мектеп бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, танымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау болып отыр.Бұл есептердің негізгі ерекшеліктері зерттеу жұмыстарының жан жақты қарастырылуы мен жүйелілігіне негізделген.

Жұбаназар Гулзира Сүлейменқызы,
Жамбыл облысы, Қаратау қ., Талас ауданы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар