2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) Ұлттық банк пен инвестициялық портфельді басқарушылардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі 28,08 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қор мәліметінше, Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы активтердің ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қаражат көлемі шамамен 26,7 трлн теңгені құрады. Ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан активтер көлемі 1,1 трлн теңгеге жеткен.
Сонымен қатар, инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтері 121,8 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ дерегіне сәйкес, 2025 жылғы шілде мен 2026 жылғы маусым аралығында есептелген инвестициялық табыс көлемі шамамен 2,51 трлн теңгені құраған. Осы кезеңдегі инвестициялық кірістілік 10,29% болды.