БЖБ мен ТЖБ алынып тасталуы мүмкін

БЖБ мен ТЖБ алынып тасталуы мүмкін
ЖИ: Dalanews.kz

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастауыш сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ-ны қайта қарау мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мұғалімдердің көп уақытын алады. Сонымен қатар оларды өткізу үшін шамамен 4 мың парақ қағаз жұмсалады.

Осыған байланысты алдағы уақытта оқушылар үшін қолмен жазылатын бақылау жұмыстарының жаңа форматтары енгізілуі мүмкін. Жұлдыз Сүлейменова жаңа бағалау жүйесі балаларға ыңғайлы, ал мұғалімдер үшін тиімді болуы керегін атап өтті.