Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу барысында күдікті қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды видеоға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болған.
"Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеріс ұйымдастырып, бизнесін жаптырамын" деп қорқытқан. Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.
Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
