Бюджетті "қырқу" керек: Экономист Ұлттық қордан бөлінген триллиондар қайда жұмсалатынын айтты

Кәмшат Тілеухан 17 нау. 2025 18:07 348

Күні кеше Президенттің айтқандарына қатысты экономист Асқар Қысықов өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, бәрін үнемдеп, оңтайландырылған ақшаның бар потенциалы экономикамыздың нақты секторын және түрлі инвестициялық жобаларды қаржыландырудың артында "сіңіп жоқ" болады. Мысалы, мына жақтан Үкімет салықтарды өсіру мәселесін талқылап жатса, тағы бір жақта қомақты қаражатты талап ететін экономика салаларын қолдаудың жаңа бағдарламаларын ұсынып жатады. Мәселен, соның ішінде "Бәйтерек" холдингі арқылы шамамен 8 трлн теңге бөлу жайы қарастырылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Inbusiness.kz порталына берген сұқбатында Асқар Қысықов көп қаржы бөлу қарастырылатын Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы да қабылданғанын баса айтады. Оның айтуынша, бұл да өте үлкен ақша, осы есеп-қисапты, осы жобаларды да мұқият қарау керек.

"Егер біз инфрақұрылымды дамыту жайын сөз ететін болсақ және бұл нарықтық тарифтерге көшуді күйттейтін біз жүзеге асырып жатқан тарифтік саясатқа тікелей байланысты болса, онда инфрақұрылымдар, әсіресе энергетика мен коммуналдық шаруашылықтағысы өз шығын өзі ақтауға қабілетті. Яғни, энергетикалық және коммуналдық секторды дамытуға салынған инвестициялар қайтарымды болуы тиіс. Егер олар қайтарымды және өтемді болады деп болжанса, онда бұл үшін мемлекеттің емес, жеке инвестицияларды тартуға болады. Мемлекет жеке сектор қаржыландыруға қабілетті жобаларға ақша жұмсамау тәртібіне көшуі керек. Осы жағынан алғанда, экономиканы және кейбір басым салаларды мемлекеттің ақшасымен "азықтандыру" әдетін қою керек, өйткені бюджеттің негізгі мақсаты мемлекеттің негізгі функцияларын орындау болуы керек: қауіпсіздік, қорғаныс, білім беру, медицина, халықты әлеуметтік қолдау және жеке сектор қаржыландыра алмайтын маңызды инфрақұрылымдық жобалар, жолдар, көпірлер және т.б. қоғамдық игіліктері дегендей", - дейді сарапшы. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар