Қуандық Бишімбаев апелляциялық сот отырысында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мен бүгін адвокаттарым айтқан нәрселерді қолдаймын. Маған, менің қорғаушыларыма дәлелдерді келтіруге мүмкіндік берілмеді. Бұл жайлы сот отырыстарында бірнеше рет айттым. Тіпті көптеген материалмен танысуға мүмкіндік берілмеді. Ешкім шындықты естігісі келмейді. Шешім де алдын ала шығып қойған. Адвокаттарымның айтқанын қолдаймын", - дейді Бишімбаев.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрге қатысты шыққан үкіммен келіспейтінін айтқан болатын.
"Мен адвокат ретінде бұл үкіммен келіспеймін. Ол заңсыз деп есептеймін. 106 - бап-абайсызда адам өлтіру, өзгертілген бапқа сәйкес жазаны төмендету керек деп есептеймін. Ал Азаптау бабы бойынша үкімнің күші жойылып, іс басқа құрамда жаңа қарауға жіберілуі керек деп санаймын", - дейді адвокат.
Ғазымжановтың сөзінше, бірінші сатыдағы сотта 20 заңбұзушылық болған көрінеді.
Айта кетейік, бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы басталды.
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаның айтуынша,апелляция бір ай ішінде қаралады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.