Сәрсенбі, 12 ақпанда KASE-дегі сауда-саттықта 1 АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден де төмендей түсті. Мұндай құбылыс соңғы рет биржада 2024 жылдың 26 қарашасында тіркелген болатын, деп жазады Dalanews.kz.
11 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық валютаның орташа бағамы 506,25 теңге болған еді.
- Бүгіндері Алматыда ақша айырбастау орындары сағат 14: 00-дағы жағдай бойынша, 1 АҚШ долларын орта есеппен 500,08 теңгеден сатып алып, 503,94 теңгеге сатуда.
- Астанада 1 доллардың бағасы одан да арзандай түскен: сатып алу құны — 498,80, сату - 506,75 теңге.
- Шымкентте 1 АҚШ долларының сату-сатып алу құны 500-502 теңге аралығын қамтиды.
Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Forex халықаралық нарығында америкалық валюта бағамы 94,6 рубльге (Астана бойынша 13:40), евро 98,1 рубльге дейін төмендеген.