«Мен үшін айдан анық екі дүние бар» дейді Сарым Фейбсуктегі парақшасында.
«Алғашқысы, Әблязов ұры. Саясатты жамылып, саяси күресті сылтауратып ақтағысы келеді өзін. Ол үшін елдің танкінің табанына тапталғаны, қаңғыған оқтың құрбаны болғаны немесе айыппұл төлеп әбігерге түскені тиімді.
Ол ешкімге заңгер жалдап бермейді. Ешкімді құтқармайды ол. Есесіне Парижде отырып елдің есебінен жарнамасын жасайды.
Екіншісі, Әблязовтың сөзіне сеніп, соңына ергендерді құрықтау қателік. Олар бейбіт митингіге шықты. Біздің полицейлер бұрынғы әдетіне басып, әлгілердің қолына кісен салды. Бұл – ақымақшылық.
Кремльдің парадтары мен митингілеріне кеңпейілдік танытқан билік ұлттық, ішкі мәселеге арналған шеруге неліктен шектеу қоюы тиіс?
Билік пен Әблязовтың арасындағы текетірес қоғамдық-саяси өмірдегі өздігінен болатын табиғи өзгерістерге кедергі келтіруде.
Анығы, билік те, Әблязов та оңып тұрған жоқ. Бірінен бірі өтеді бұлар. Ауруы асқынған екеуінің де. Ал қоғам таңдаудың алдында тұр.
Аударған, Думан БЫҚАЙ