Биыл Түркістан қаласы маңайындағы 900 гектар жерге су шағарылды

Dalanews 04 жел. 2018 04:07 887

Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жер-жерде шағын су қоймаларын салу ісі қолға алынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында қарқынды іске асып жатыр.

Су қоймасы, біріншіден, су тасқынының алдын алуға, екіншіден, суармалы жерлердің көлемін арттыруға септігін тигізбек. Жергілікті билік орындары Түркістан қаласы маңында шағын 8 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Қала әкімдігінен талап етілетін тиісті құжаттарының барлығын дайындалып, Түркістан облысы құрылыс басқармасына өткізілген.

Өткен жылы желтоқсан айында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен Үшқайық ауылдық округінде «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілген болатын. Осы гидротехникалық нысанның арқасында биыл шаруалар қосымша 350-400 гектар алқапты игеріп, су қоймасының игілігін көрді.

Жалпы, Сырдария өзенінің бойында игерілмей жатқан жерлер жеткілікті, әзірше жергілікті билік орандары 4 мың гектар жерді кәдеге жаратуды көздеп отыр. Аталған аумақта 2 ауылдық округіміз орналасқан, биыл біреуі – 300 гектар, екіншісі 110 гектар алқапты суармалы жерді айналымға қосты. Яғни, биылдың өзінде 800-900 гектар жерді егістік жерге айналдыру мүмкіндігі туды.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар