Биыл Солтүстік Қазақстанда 1300 шақырым жол жөнделеді

Ақтоты Жапатова 11 нау. 2025 12:45 445

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1300 шақырымға жуық жол жөнделеді, деп хабарлайды Dalanews.kz "24.kz"-ке сілтеме жасап.

Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді.

Жергілікті билік өкілдері оның ішінде қала және ауыл ішілік жолдарға басымдық бермек. Мысалы, Петропавлдағы 42 көшеге асфальт төселеді. Сонымен қатар облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын бағыт қалпына келтіріледі.

Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу шарттарына да оң өзгерістер енгізілген. Енді байқауларға техникалық мүмкіндігі сай келетін компаниялар ғана қатыса алады. 

"Биыл республикалық жолдар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асыралады. Атап айтқанда Дәуіт ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі, Петропавлдан Ақмола облысына дейінгі аралық және Жезқазған мен Қостанай бағыттарының жолдары жөнделеді", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар