Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ уақыт пайдаланылмай келген 241 гектар су қоры жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау барысында Жер кодексінің талаптары өрескел бұзылғаны анықталған.
Прокуратура мәліметінше, Қызылжар ауданындағы жер пайдаланушы заң талаптарына қайшы түрде жалпы аумағы 241 гектар болатын су қоры жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбаған.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде кадастрлық құны 328,2 млн теңге болатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сонымен қатар кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылған.
Прокуратура қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекеттің бұзылған мүддесі қалпына келтіріліп, жер заңнамасының сақталуы қамтамасыз етілгенін мәлімдеді.
Қадағалау органы жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын атап өтті.