Облыс әкімі Даниал Ахметов халықпен болған есептік кездесуінде ШҚО тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету саласында атқарылған және болашақта жүзеге асырылатын жұмыстар туралы айтып берді.
2019 жылы қолға алынған 69 жоба бойынша 18 нысан қолданысқа берілді. Соның нәтижесінде 2015 жылдан бері ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамту көрсеткіші 42-ден 67%-ға дейін өсті. Сонымен қоса 77 шағын ауылда су тазарту және тарату блок-модульді станциялары орнатылды.
Биыл 30 сумен қамту және су тарту нысанын қолданысқа беру, сонымен қатар 50 шағын ауылда суды тазарту және тарату блок-модульді станцияларын орнату жоспарланып отыр.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, 2020 жылы өңірде орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдардың үлесі 76,5% болса, сапалы ауызсуға қолы жеткен ауыл тұрғындарының үлесі 81% болады.