Биыл жаңа туған нәрестелерге жиі қойылған, танымал есімдер белгілі болды

Кәмшат Тілеухан 10 мау. 2025 10:14

"Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның Алматы филиалы бүгіндері ата-аналар жаңа туған сәбиіне жиі қоятын ең танымал үш есімді атады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қалалық АХАТ деректеріне сәйкес, 2025 жылы жаңа туған оңтүстік астаналық қыз балаларға жиі қойылған үш есім:

  • Сафия;
  • Мәриям;
  • Әдия.

Ұл балаларға жиі қойылған үш есім:

  • Мұхаммед;
  • Алан;
  • Әміре.

Сонымен қатар Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер де үздіктер қатарынан болып табылады екен.

Биылғы жылы жаңа туған нәрестелер арасында ерекше және сирек кездесетін есімдер мыналар,олардың көпшілігі шығыстық және еуропалық есімдермен үндес: Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин.

Алматы қалалық АХАТ басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында 16 501 туу туралы акті толтырылған: 8 500 - ұл, 7 974 қыз балаға. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар