2026 жылғы наурыз айында ел бойынша тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 28 493 мәміле тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Нарық жаңалықтары" телеграм арнасының мәліметінше, оның 5 951-і жеке үйлерге тиесілі болса, 22 542-сі көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлерге қатысты жасалған.
Ақпан айымен салыстырғанда мәмілелер саны 3,9 пайыз өсіп, нарықта аздаған қозғалыс байқалған. Сондай-ақ былтыр наурыз айымен салыстырғанда да көрсеткіш 2,7 пайыз артқан.
Дегенмен жалпы тоқсан қорытындысы оң емес. Биылғы қаңтар мен наурыз аралығында жасалған мәмілелер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға азайған. Бұл тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен белсенділіктің біршама бәсеңдегенін көрсетеді.
