Биыл 1000 теңгелік және 10000 теңгелік купюралар қолданыстан шығады

Dalanews 27 қаң. 2026 22:06

Биыл 1000 теңгелік және 10000 теңгелік банкноттар қолданыстан шығады. Бұл ескі үлгідегі ақшаларға қатысты жаңалық, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қаржылық сауат арнасының жазуы бойынша, Ұлттық банк 2023 жылдан бері «Сақ стилі» сериясымен шыққан жаңа дизайндағы банкноталарды кезең-кезеңге бөліп енгізіп жатыр. 20 000 теңгелікті есепке алмағанда, жаңа номиналдардың бәрі айналымға шығып қойды.

Ресми ақпарат бойынша, ескі үлгідегі:

2 000 теңгеліктер — 2026 жылғы 24 маусымға дейін

10 000 теңгеліктер — 2026 жылғы 27 маусымға дейін жаңа ақшалармен айналымда қатар жүреді. 

Ұлттық банк 10 000 теңгелік купюралардың мерзімін ұзартуы мүмкін. Себебі бұл номиналдағы ақшалар халық арасында әлі де көп кездеседі.

Жалпы, заңында ескі және жаңа купюралар бірден ауыса салмайды. Екеуі де белгілі бір уақыт аралығында қолданыста бола береді. Сол аралықта ескі ақшамен төлем жасауға да, оны жаңасына айырбастауға да болады. Ал, банктер сол кезеңде банкоматтары мен кассалық жүйелерін жаңа ақшаларға бейімдейді.

Айналым кезеңі аяқталған соң да екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» ескі банкноталарды тағы үш жыл қабылдайды. Ал Ұлттық банктің филиалдарында оларды мерзімсіз, кез келген уақытта айырбастауға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove