Бункер Путинге қорған болмайды. Немістер Украинаға бетон қабырғаны талқандайтын қаруын бермекші

Dalanews 28 мам. 2023 15:25 1336

Германия өзі өндіретін Taurus KEPD 350 қанатты зымыранын Укрианаға беру мәселесі талқылауда.

Taurus KEPD 350 зымыраны ағылшындардың Storm Shadow зымыранынан кем түспейтін қару. Тіпті, оның өзіндік артықшылықтары да жетіп артылады.

Бүгінде Бундестагтың сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Родерих Кизеветтер Украина әскеріне Taurus зымыранына беру мәселесі көтеруде.

Ал Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус болса, бұл қаруды Украинаға беруге асықпауда. Бірақ ведмоства басшысы бұл мәселені талқылаудан қашып отырған жоқ. Демек, алдағы уақытта Украинға Taurus зымыраны жеткізілуі бек мүмкін.


Taurus KEPD 350 зымыраны Баварияның Шробенхаузен қаласында әзірленеді. Бұл зымыранды жойғыш ұшақтарға орнатып, жауға қарсы қолдануға болады.

Зымыранның атқан кезде ол сағатына 800-900 км/сағ жылдамдықта ұшатын мүмкіндікке ие. Зымыранмен 500 шықырым қашықтықтағы нысандарды жоюға болады.

Taurus KEPD 350 зымыранының басты ерекшелігі ол қалыңдығы 1 метрден асатын бетон қабырғаны қағаздай тесіп өтеді. Бұл – зымыранмен бункерді жойып жіберуге болады. Украин сарбаздарының қолына бұл қару тиетін болса, бункерде паналап келген Путиннің ішкені ірің, жегені желім болуы мүмкін.


Сонымен қатар Taurus зымыраны әуежай, темір жолы, көпір сынды нысандарды талқандауға таптырмайтын қару.

Taurus KEPD 350 зымыранының тағы бір ерекшелігі – ол жер бетіне жақын 50 метр биіктікте ұшатындықтан оны әуе қорғанысына қарсы кешендердің көруі қиын. Ұзындығы 5,1 метр, салмағы 1500 келі болатын зымыран өзімен бірге 480 келі жарылғыш затты алып ұша алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар