Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен «Д-ға» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге санкцияланды.
“Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары “Д.” жеке меншікке қарсы ауыр қылмыс (ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы “Алаяқтық”) жасады деген күдікке ілінді”, - деп хабарлады Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.