Freedom Inside '26

Бүгін - Көрісу күні

Бүгін - Көрісу күні
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көрісу күні - Наурызнама онкүндігі бастау алатын игі мереке. Ол наурыздың 14-іне тура келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Қазақстанда Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндігі басталды. Оның алғашқы күні - Көрісу күні. Оны Амал мерекесі деп те атайды. Бұл - адамдар бір-бірімен жүздесіп, жылы лебіз айтып, үлкендерге құрмет көрсетіп, қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн.

Көрісу күні Наурыздың басталуын білдіріп қана қоймай, адамдардың бір-біріне деген ықыласын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге үндейді. Бұл күні қоғамдағы маңызды қағидалар – үлкенге құрмет, жақындарға қамқорлық көрініс табады.

Көрісу күнінің мәні тек мерекелік күнмен шектелмейді. Ол адамдарға жылы сөздің, шынайы қарым-қатынастың және адамгершілік құндылықтардың маңызын еске салады. Дәл осындай игі ниеттен жаңару мен жасампаздықтың, бірліктің мерекесі бастау алады.