Бүгін еліміздің екі өңірінде ауа сапасы нашарлайды

Қаракөз Амантай 31 жел. 2025 08:49

31 желтоқсанда Қазақстанның көп өңірінде ауаға зиянды заттар жиналуы мүмкін. "Қазгидромет" РМК Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мамандардың айтуынша, ауа сапасының нашарлауына "қолайсыз метеожағдайлар" әсер етеді. Бұл – желдің болмауы, өте әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты табиғи құбылыстар. Осындай жағдайда зиянды заттар ауада ұзақ сақталып, таралмайды.

Соның салдарынан елді мекендерде ауа ластанып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейі желдің күші, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылыққа байланысты болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар