Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы ақтаулықты Орал қаласында ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2025 жылдың қаңтар мен сәуір айлары аралығында «10 пайыздық табыс» уәде етіп, жәбірленушінің сеніміне кірген. Осылайша ол Ақтау қаласының тұрғынынан 58 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган – Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабар берілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы полициясы тергеу мен соттан бой тасалап жүрген іздеудегі 54 адамды қолға түсірген.
