БҚО-да ірі шенеунік адам зорлады деп айыпталды: күтпеген жайттар белгілі болды

Көркем Алдабергенова 24 ақп. 2026 10:30

Батыс Қазақстан облысында адам зорлады деген күдікке ілінген шенеунікке қатысты күтпеген деректер пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін 16 жастағы қыздың әкесі аудан деңгейіндегі ірі шенеунікті зорлық жасады деп айыптаған. Алайда БҚО полиция департаменті тергеу барысында хат алмасулар мен өзге де материалдар зерттеліп, зорлық фактілері анықталмағанын хабарлады.

Қыздың өзі мен анасы да аталған ер адамға ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, қарым-қатынас екі жақтың келісімімен болғанын мәлімдеген.

Күдікті аудан әкімдігінің бөлімдерінің бірінде жұмыс істеген. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр, іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салайық,БҚО-да шенеунікке кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылған болатын. 

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, 68 жастағы ер адам қызды алдап, өз үйіне шақырып, сол жерде зорлық жасаған. Оның сөзінше, күдікті кінәсін мойындаған, соған қарамастан полиция ер адамды босатып жіберген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove