БҚО-да шенеунікке кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылды

Сағыныш Сардарова 23 ақп. 2026 15:34

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2 қаңтарда Шыңғырлау ауданында болған, деп хабарлайды Dalanews.kz Криминальный Казахстан арнасына сілтеп.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, 68 жастағы ер адам қызды алдап, өз үйіне шақырып, сол жерде зорлық жасаған. Оның сөзінше, күдікті кінәсін мойындаған, соған қарамастан полиция ер адамды босатып жіберген.

Қыздың әкесі Шыңғырлау ауданында тергеу тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып, өзіне шенеунік тарапынан қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар түсіп жатқанын мәлімдеді.

Полиция бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша іс қозғалғанын растаған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove