Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Саралжын ауылында қатты боран салдарынан қырылған жылқылар түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Zakon.kz мәліметінше, кадрларда ер адам боран кезінде жылқылардың су маңында қалып қойғанын айтады. Оның сөзінше, демалыс күндері өңірді шарпыған қарлы дауыл кезінде жануарлар табиғи апаттың ортасында қалған.
Нәтижесінде табындағы жылқылардың басым бөлігі қырылған.
Бұл ақпаратты Қазталов аудандық әкімдігі де растады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір қырылған мал саны мен келтірілген материалдық шығын көлемі нақтыланып жатыр. Әкімдік қолайсыз ауа райы туралы тұрғындарға алдын ала ескерту жасағанын, малды қораға қамап ұстауды сұрағанын атап өтті. Алайда кейбір шаруалар бұл талапты орындамағандықтан, боран кезінде мал ашық жайылымда қалып қойған.
