Батыс Қазақстан облысында онлайн несие рәсімдеуге байланысты бірнеше қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, 4 ақпанда белгісіз адамдар микроқаржы ұйымы арқылы қазақстандық азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеген.
Жәбірленуші несие алу үшін өзінің биометриялық дерегін ұсынбаған. Оның орнына басқа адамның мәліметі пайдаланылған.
Осыған ұқсас тағы бір жағдайда алаяқтар басқа микроқаржы ұйымы арқылы азаматтың атына несие рәсімдеп, қаражатты дропперлердің есепшоты арқылы бөгде адамға аударған.
Тергеу барысында мұндай заңсыз әрекеттен жалпы 70 азамат зардап шеккені белгілі болды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.