Freedom Inside '26

БҚО-да 2500 қорап заңсыз темекі өнімін алып өтпек болғандар ұсталды

БҚО-да 2500 қорап заңсыз темекі өнімін алып өтпек болғандар ұсталды
БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті

Ресеймен шекарада орналасқан «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде темекі өнімдерінің заңсыз тасымалданғаны анықталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесе отырып, 2 500 қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. 

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, темекі өнімдері Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Ресейге жеткізілмек болған.

– Тауарлар міндетті құжаттаманы талап ететін акцизделетін өнім болып есептеледі. Қазіргі кезде тексеру шаралары жүргізілуде, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады ведомстводан.