Боранбаевтардан пара алды деген айып тағылған Мырзахметовтің соты басталды

Dalanews 22 қаң. 2024 04:31 1006

"Атамекен" ҰКҚ экс-басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты сот процесі жүріп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Былтыр 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстаған еді.

Ол кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген.



bes.media мәліметінше, айыптаушы тарап Талғат Боранбаев ағасы, істі болған кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуға көмектескені үшін Абылай Мырзахметовке 30 миллион доллар берген деп есептейді.


Мырзахметов Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Сурет: time.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар