Боран, жел, тұман: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сағыныш Сардарова 11 жел. 2025 07:00

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдағы күндері жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда да боран соғып, қар жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

Ауа температурасында да өзгерістер болады:

  • Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5-15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0-5 градус аяз болады.
  • Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-8 градус жылы болады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар