Қазақстандағы барлық көмір өндіруші компания өкілдері Үкіметтің көмір саласын Энергетика министрлігіне өткізу туралы шешіміне наразылық білдірді. Бұл туралы Тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы (АГМП) атқарушы директорының кеңесшісі Төлеген Мұханов Индустрия және құрылыс министрлігінің кеңейтілген алқа жиынында мәлімдеді, деп жазады Dalanews.kz.
"Индустрия министрлігі қазірдің өзінде көмір саласын дамыту бойынша айтарлықтай үлкен жұмыстар атқаруда. Алайда таяуда ғана үкімет көмір өнеркәсібін Энергетика министрлігінің құзырына беру жайлы шешім қабылдаған", деп inbusiness.kz Төлеген Мұхановтың сөзін келтіреді.
"Біз осыған байланысты шұғыл кеңес өткізіп, жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша барлық көмір өндіруші компаниялардың өкілдері көмір саласының өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзыретінен шығуына жол бермеу туралы ұсынысты бірауыздан қолдады", - деді Төлеген Мұханов.
Алайда, вице-премьер Роман Скляр халықаралық тәжірибеге сәйкес көмір саласын Энергетика министрлігі басқаратынын, ол тек Қазақстанда ғана Индустрия министрлігіне қарамағына қарайтынын еске салды. Өз кезегінде. Төлеген Мұхановтың Энергетика министрлігінің өзі қазірдің өзінде түрлі бағыттағы міндеттемелермен айналысып отырғанын, сондықтан көмір саласының мәселелері екінші орынға сырғуы мүмкін деген қаупі бар.
"Қоғамдық бірлестік пен көмір компанияларының атынан біздің білдіретін өтініш - көмірді өнеркәсіп министрлігінің қарамағында қалдыру. Бұл мәселені шешу үшін біз премьер-министр мен Мемлекет басшысына да жүгінуге дайынбыз", - деді ол.
Бұған дейін елімізде алтын, күміс, цинк орындары аукционға шығарылғалы жатқанын, оның кейбірін қытайлық компаниялар иеленгенін жазғанбыз.