Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Елдос Қоспаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың қыркүйегінде Елдос Қоспаев пен оның топ мүшелері Солтүстік Кипрде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Оларға рейдерлік, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына 11 адам кірген. Оларға келесі компанияларды басып алу бойынша айып тағылды:
AV-Construction;
Profit Trade LTD;
Azovita Aktau;
Azovita Atyrau.
Елдос Қоспаев өзіне сенімді өкілдері – ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арқылы 7 жылға сотталған кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың бизнесінің 75%-ын тартып алған, кейін оның анасына қысым көрсету арқылы қалған 25%-ын да иемденген.
Бұл істің тергеуі 2024 жылдың көктемінде аяқталған болатын.