Бокстан әлем чемпионатының финалын қайдан көруге болады?

Қаракөз Амантай 13 жел. 2025 12:15

Бүгін, 13 желтоқсанда бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан атынан шаршы алаңға төрт боксшы шығады:

  • Сәкен Бибосынов (54 кг) – қарсыласы Вячеслав Рогозин (Ресей)
  • Оразбек Асылқұлов (57 кг) – қарсыласы Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
  • Абылайхан Жүсіпов (71 кг) – қарсыласы Сергей Колденков (Ресей)
  • Сабыржан Аққалықов (75 кг) – қарсыласы Исмаил Мутсолгов (Ресей)

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Қазақстандықтар тікелей эфирді QArena телебағдарламасынан көре алады.

Финалистер саны бойынша Ресей құрамасы көш бастап тұр. Олардан 12 боксшысы финалға шыққан. Өзбекстан құрамасы екінші орында, ал Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленген. 

Турнир жеңімпаздары 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер 150 мың доллар, қола медаль иегерлері 75 мың доллар сыйақы алады. Ширек финалға жеткен қатысушыларға 10 мың доллар қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар