Иранда блогер Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Твиттер) нүкте қойып, пікір қалдырғаны үшін 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ер адам Израильді насихаттады деген айып тағылған. Шанбехзаде есімді блогердің адвокаты бәрі ер адам Ислам Республикасының жоғарғы аятолласы (шиит мұсылмандарының рухани жетекшісі) Али Хаменеидің Х әлеуметтік желісміндегі жазбасының астына нүкте қойып кеткеннен басталғанын айтады. Блогер қойған нүктеге жазбаға қарағанда көп лайк басылған. Бұл жайтқа жергілікті билік назар аударған. Артынша блогер ұсталып, қамауға алынған. Ал оның парақшасы бұғатталған.
Ирандық ер адам «Израильдің пайдасы үшін насихат жүргізгені үшін» бес жылға, «ислам өкілдерін қорлағаны үшін» төрт жылға, «Жалған ақпарат таратқаны үшін» екі жылға және «антимемлекеттік насихат жүргізгені үшін» бір жылға сотталған.
Шанбехзаде бұған дейін билікті сынға алғаны үшін жазасын өтеп шыққан болатын. 2019 жылы блогерге «Ислам Республикасының өкілдерін қорлаған» деген айып тағылған.
Адвокаттың сөзінше, сот үгіт-насихат жұмыстарына ешқандай дәлел келтірмеді және айыптау оның жеке хат-хабарларының мазмұнына негізделген. Блогердің адвокаты үкімге шағым түсірмек.