БЖЗҚ дефолтқа жол берген компания құнды қағаздары бойынша 2,5 млрд теңге төлемді өндіріп алды

Кәмшат Тілеухан 03 мау. 2025 14:19

Сот "ҚазАстықЭкспортқа" құнды қағаздар бойынша мерзімі өткен төлемдерге қатысты 2,6 млрд теңге берешек ақшаны зейнетақы қорына төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық соты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының "ҚазАстықЭкспорт" холдингінен берешек ақша мен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы арызын қанағаттандырды.

Іс материалдарына сәйкес, "ҚазАстықЭкспорт" холдингі ҚР Ұлттық Банкінің облигацияларын шығару шарттарына сәйкес купондық сыйақыны жылына 1 рет төлей отырып, жылдық 8,0% мөлшерлемемен купондық облигациялар шығарған. Бұл құнды қағаздарды БЖЗҚ 31 млрд теңгеден аса сомаға сатып алған. Алайда 2019 жылы тамызда  купондық сыйақыны есептеу және төлеу кестесіне өзгеріс енгізілді, ал сол жылдың желтоқсанында эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жарияланды.

Жауапкердің берешекті ерікті түрде өтеу туралы талап қоюшының сотқа дейінгі талабы назардан тыс қалып, осыған байланысты талап қоюшы МАЭС-ке жүгінді.

Жауапкер сотқа дейінгі талабын алмағанын айтып, өз ойыбын мойындамады. Алайда талап қоюшы сотқа жауапкерге сотқа дейінгі талапты жолдағаны туралы түбіртек қағазды ұсынды.

Сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды. Жауапкер 2,5 млрд теңгеден астам мөлшердегі купондық сыйақы сомасын, 94 млн теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын және 77 млн теңге мөлшеріндегі мемлекеттік бажды төлеуге міндетті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Проспект бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкерден сот тәртібімен 4 жыл ішіндегі купондық сыйақы төлеу бойынша берешек өндірілді. Жауапкердің талап қоюшы алдындағы берешегінің жалпы сомасы 2025 жылғы ақпандағы жағдай бойынша 2,5 млрд теңгеден асты. 

Бұған дейін сайтымызда "Зейнетақы активтерінің инвесттабысын "жеп жатқан" не нәрсе немесе кім?" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар