Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың уақытын алатын БЖБ, яғни бөлім бойынша жиынтық бағалау мен ТЖБ деп аталатын тоқсан жиынтығын бағалаудың сағатын азайтуды қарастыртынын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz "КТК" телеарнасына сілтеп.
Себебі кейбір мектептер жүктеме көптігінен сенбіде де оқушыларды жинап алып, осы тапсырманы орындатады екен.
Министрлік басшысы жекеменшік мектептер бойынша тексеріс әлі де жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, алдағы оқу жылында үш шартқа сай келген оқу ордалары ғана қалады: білім сапасы, бала қауіпсіздігі, мұғалімнің біліктілігі.
Еске салайық, жуырда елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгеретіні хабарланды. Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары, директорларының қатысуымен өткен кездесуде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
