Жеке мектептер мен директорларды тағайындау: еліміздің бас педагогі маңызды өзгерісті айтты

Сағыныш Сардарова 19 қаң. 2026 14:41

Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары, директорларының қатысуымен өткен кездесуде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ашылады. Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге беріледі.

Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады.

Құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі.

Қазіргі таңда еліміздегі 785 жеке мектептің құжаттары цифрландырылды, жалпы лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove